Мемлекеттік қызметкерлердің цифрлық дағдыларын шыңдау
«DIGITAL NAURYZ» IT-бағдарламасы аясында Еңбек ресурстарын дамыту орталығының алаңында Жұмыспен қамту және цифрлық қауіпсіздік күндері өтті. Осы екі күндік оқыту толығымен Министрлік мамандарының күнделікті жұмысында заманауи технологияларды практикалық қолдануға негізделді.
Бірінші кезекте интенсивке қатысушылар Enbek.kz цифрлық экожүйесі мен Migration.enbek.kz платформасының архитектурасын егжей-тегжейлі талдады. Бұл жүйелерді терең түсіну ведомство қызметкерлеріне еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайды дәлірек мониторингтеуге және талдауға мүмкіндік береді.
Одан кейін басты назар жасанды интеллекттің озық технологияларына аударылды. Сараптамалық сессияларда мемлекеттік қызметкерлер нақты мысалдар негізінде генеративті нейрожелілер мен машиналық оқыту алгоритмдерінің күнделікті аналитиканы қалай автоматтандыра алатынын және қызметтік құжаттардың жобаларын жедел дайындауға қалай көмектесетінін зерделеді.
Ұйымдастырушылар ведомстволық ақпаратты қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды. Мамандар кибергигиенаның қатаң қағидаларын меңгеріп, тапсырмаларды бақылаудың бірыңғай Control System жүйесінде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын пысықтады.
Білім беру блогы Digital Community Discussion форматындағы ашық брейншторммен аяқталды, онда әріптестер қолданыстағы IT-сервистерді жақсарту бойынша нақты шешімдермен алмасты. Интерактивті квиз іс-шараның қорытынды аккорды болды, оның нәтижелері бойынша Министрліктің цифрлық жобаларын үздік білетіндер лайықты естелік марапаттарға ие болды.
Цифровая прокачка для госслужащих
В рамках ИТ-программы «DIGITAL NAURYZ» на площадке Центра развития трудовых ресурсов состоялись Дни занятости и цифровой безопасности. Обучение этих двух дней было полностью построено вокруг практического применения современных технологий в ежедневной работе специалистов Министерства.
В первую очередь участники интенсива детально разобрали архитектуру цифровой экосистемы Enbek.kz и платформы Migration.enbek.kz. Глубокое понимание этих систем позволит сотрудникам ведомства еще точнее мониторить и анализировать текущую ситуацию на рынке труда.
Следом фокус сместился на передовые технологии искусственного интеллекта. На экспертных сессиях государственные служащие на реальных примерах изучили, как генеративные нейросети и алгоритмы машинного обучения могут автоматизировать рутинную аналитику и помогать в оперативной подготовке проектов служебных документов.
Особое внимание организаторы уделили вопросам защиты ведомственной информации. Специалисты освоили строгие правила кибергигиены и отработали практические навыки работы в единой системе контроля поручений Control System.
Завершился образовательный блок открытым брейнштормом в формате Digital Community Discussion, где коллеги смогли обменяться конкретными решениями по улучшению действующих ИТ-сервисов. Финальным аккордом стал интерактивный квиз, по итогам которого лучшие знатоки цифровых проектов Министерства получили заслуженные памятные награды.